COVID-19: инфекция жұқтырғандар саны 5,5 млн-ға жақындап қалды

COVID-19: инфекция жұқтырғандар саны 5,5 млн-ға жақындап қалды

АҚШ-тың Гарвард университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаның жануарға сынағы сәтті өткенін хабарлады. Мамандар препаратты 8 маймылға еккен. Зерттеу нәтижесі бойынша, екпе жасалған жануарлар 6 айдан кейін екінші рет вирусты жұқтырмаған. Дәрігерлер олардың ағзасында дертке қарсы иммунитет пайда болғанын айтып отыр. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 5 миллион 498 мыңнан асты. Пандемия басталғалы инфекция 347 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған. Ал аурудан толықтай айығып шыққандар саны 2 миллион 300 мыңнан асады.

Инфекция жұқтырғандардың саны жөнінен тізімді АҚШ бастап тұр, мұндағы науқастар саны 1 миллион 686 мыңнан көп. Коронавирус 363 мыңнан аса адамда анықталған Бразилия – екінші, 344 мыңнан аса науқасы бар Ресей үшінші орында. Одан кейін Испания (283 мыңға жуық), Ұлыбритания (260 мыңға жуық), Италия (230 мыңдай),

Франция (182 мыңнан аса), Германия (180 мыңнан көп), Түркия (157 мыңға жуық), Үндістан (138 мыңнан аса).

 

Фото: nauka.tass.ru