Қазақстан – пандемия кезінде органдар донорлығы жүргізілетін Орталық Азиядағы жалғыз ел

Қазақстан – пандемия кезінде органдар донорлығы жүргізілетін Орталық Азиядағы жалғыз ел

Қазақстан – пандемия кезінде органдар трансплантациясы жүзеге асырылатын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

«Біз жүрек және өкпе трансплантациясы жүзеге асырылатын Орталық Азиядағы жалғыз елміз. Біз мұндай операцияларды ел ішінде ғана жасай аламыз және олардың саны аз. Қазір басқа елден орган алдыру немесе басқа елге жөнелту мүмкіндігі жоқ. Өйткені донорлар саны аз. Мен бұл жерде адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы айтып отырмын. Бірақ егер қандай да бір себеппен Қазақстан азаматы басқа елде жүріп, оған орган транспалнтациясы қажет болып жатса, заң бұған жол береді», – деп хабарлады Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя. 

Оның айтуынша, карантин кезінде транпслантация саны едәуір азайған. Бұл құбылыс бүкіл әлемде байқалады. Жалпы, Юрий Пяның айтуынша, 2012 жылдан бері Қазақстанда жүрек транплантациясы бойынша 81 операция жасалған.

«Адамдар миына қан кетіп, жол-көлік апаттарында, өндірісте, үйлерінде қайтыс болып жатады. Яғни, әлеуетті донорлар саны көп. Ал туған-туыстары транплантацияға келісім беретін жағдайлар өкінішке орай аз», – деп атап көрсетті кардиохирургия орталығының басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде бірегей донорлық операция жасалғаны туралы хабарланған болатын. Қаза болған қазақстандықтың органдары бес реципиентке трансплантацияланған.

 

Фото: inform.kz