Қазақстан азаматтық авиация саласында CAPSCA жобасымен ынтымақтастық келісімге келді

Қазақстан азаматтық авиация саласында CAPSCA жобасымен ынтымақтастық келісімге келді

Ұшу уақытында қазақстандықтарды түрлі қатерлі аурулардан қорғау. Бұл орайда сақтық шараларына еліміздің жолаушыларды тасымалдау қызметі басымдық беріп келеді. Осы мақсатта Қазақстан азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласында тіркелетін оқиғалардың алдын-алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қосылды. Бұл – әдеттен тыс пневмония белең алған кезде ИКАО мен ДДСҰ құрған ерікті ұйым. Халықаралық келісім авиациялық жүйеде вирустық індеттердің таралуы мен алдын алу мәселелерін зерттеуді көздейді.

«Бірқатар уақыттан бері ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ИКАО және ДДCҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Нәтижесінде, Қазақстанға аурудың таралу қаупіне қарсы күрес үшін ИКАО мен ДДСҰ құрған ерікті халықаралық орган – CAPSCA-ға қосылу ұсынылды. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Халықаралық Ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерді мойындады», - делінген Қазақстанның авиациялық әкімшілігі таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда CAPSCA жобасының аясында мамандар азаматтық авиацияның жолаушылар тасымалын қалпына келтіру және COVID-19 таралуы жағдайында жолаушылар тасымалы және әуе кемелері экипаждарының ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету шараларын талқылауда.

«COVID-19 шыққаннан бері жүздеген ғылыми мақала жарияланды және үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ИАТА медициналық консультанттары мен 10 ірі әуе компаниясының медициналық директорлар тобының сараптамалық бағалары негізінде дайындалған есепте, сондай-ақ 70 әуе компаниясының (әлемдік жолаушылар ағынының жартысын құрайтын) баяндамасында ұшу кезінде жолаушыдан жолаушыға COVID-19 жұқтырған бір де бір жағдай тіркелмеген», - деп хабарлайды Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.

Ұшуларды үздіксіз орындауды қолдау бойынша CAPSCA кеңесі тұрақты түрде онлайн режимінде азаматтық авиацияда мүдделі тараптармен ДДСҰ, қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен және ИКАО үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта өткізеді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы форумдарға қатысу үшін арнайы медициналық қызметкерлерінің бірін және жедел сарапшыны тағайындады.

«Жаһандық мәселелермен жұмыс жасау кезінде осы шараларды талқылау үшін құрылған ұйымдардың жұмысына қатысу өте маңызды. Осы ұйымға қосыла отырып, Қазақстан жаһандық шараларға қатысып, өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар оның қосқан үлесі инфекцияның таралу қаупін мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтап қалуын қамтамасыз етуден де ұтады», деп хабарлайды еліміздің Азаматтық авиация комитеті.

Автор: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: cbc.az