ҚР Бас санитар дәрігері: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

ҚР Бас санитар дәрігері: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Қазақстанда соңғы аптада коронавируспен сырқаттану деңгейі 15 пайызға артып кетті. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның айтуынша, күрт өсім ауруды анықтауға арналған тест өткізу көлемінің артуымен байланысты. Коронавирус инфекциясы тіркелгелі 559 мыңнан астам тест жасалды, дейді Бас санитар дәрігер. 

«Наурыз айымен салыстырғанда тәулік ішінде тестілеу саны 6 мыңнан 23 мыңға дейін ұлғайды. Бұл қауіп тобына кіретін тұлғалар арасында скрининг жүргізу арқылы науқастарды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізуімізге мүмкіндік берді», - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, карантиндік шараларды жеңілдету кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Соған қарамастан, күн сайын тәртіп бұзушылықтар тіркеліп отыр. Қызмет көрсету орныдары нормаларды сақтамайды. Мәселен, соңғы бірнеше күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 358 кәсіпкерлік нысаны тексерілген болатын. Олардың 85% тиісті талаптарға немқұрайдылық танытқаны анықталды.  

«Сатушылар бетпердесіз және қолғапсыз қызмет көрсетеді. Арнайы киімі жоқ. Антисептик қойылмайды. Нан өнімдерін қаптау талаптары сақталмайды. Осы орайда айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтанда күн сайын сатушылардың арасында коронавирус жұқтырғандар анықталып отырады Тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі 5-500 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Тіпті, кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға дейінгі шара қолданылады», - деп түйіндеді Айжан Есмағамбетова.

 

Фото: otyrar.kz