Қытай денсаулық сақтау мен эпидқадағалау жүйесін жетілдіреді

Қытай денсаулық сақтау мен эпидқадағалау жүйесін жетілдіреді

Ертең, 21 мамырда Бейжіңде Халықтық саяси консультациялық кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің және Халық Өкілдерінің Бүкілқытай Жиналысының сессияларында қазіргі кездегі ең өзекті мәселе – қоғамдық денсаулық сақтау жайы талқыға шығарылады. Коронавирустың таралуына байланысты карантин басталғалы заң шығарушылар 400-ден аса бастама ұсынған. Мысалы, жұқпалы аурулар бас көтерген жағдайда эпидемияға қарсы күрестің негізін құрайтын жалпыұлттық желі құру ұсынылды.

«Бұл бастама эпидемия кезінде адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін тірек базалар құруды қарастырады. Сондай-ақ, аталған базаларда жұмыс істейтін білікті қызметкерлерді алдын ала дайындау маңызды, ғылыми зерттеулерге ерекше назар аудару қажет. Мемлекет ресурстары мен инвестицияларды көптеп тарту керек», - дейді Шанхай қалалық клиникалық орталығының президенті Чжу Тунъюй.

Сарапшылардың айтуынша, эпидемияларға қарсы күрес жүйесіне жаңа технологияларды ендірудің және жасанды интеллект, бұлтты есептеулерді пайдаланудың арқасында елде ауру жұқтырғандармен байланыста болғандар қысқа уақытта анықталған. Бұл өз кезегінде карантин енгізу және ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылдауға да ықпал еткен. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге базалық медициналық қызмет көрсетуді дамыту туралы Заңға негіз болды. Оны Халық Өкілдерінің Бүкілқытай Жиналысының Тұрақты комитеті 28 желтоқсанда қабылдап, құжат 1 маусымда күшіне енді.

«Аталған Заңда алғаш рет азаматтардың денсаулыққа құқығы айқындалды. Әр азаматтың базалық медициналық қызметке және қауіпсіздікке құқығы бар. Бұл басқа заңдарда қарастырылған құқықтық түсініктерге қарағанда әлдеқайда кеңірек ұғымдар», - дейді құжат әзірлеушілердің бірі, Цинхуа университетінің құқық профессоры Ван Чэньгуан.

Заң елдегі медициналық қызметтерді әлдеқайда қожетімді етеді. Уханьдағы эпидемиядан кейін сарапшылар медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіріп, базалық сақтандыруға жататын ауру түрлерін көбейтуге шақыруда.

«Эпидемиямен күрес кезінде адамдардың денсаулығы мен өмірі бәрінен де қымбат екені түсінікті болды. Сол себепті үкімет ауру жұқтырғандарды, мейлі ол бала болсын, қария болсын, әр адамды құтқару туралы бұйрық берді», - дейді Цинхуа университетінің құқық профессоры Ван Чэньгуан.

Бүгінгі күні Қытайдың қоғамдық денсаулық саласының құқықтық базасы 30-дан аса нормативтік актіден тұрады. Заң шығарушылардың айтуынша, COVID-19 эпидемиясы саланы жетілдірудің қажеттілігін көрсетіп берді. Халық Өкілдерінің Бүкілқытай Жиналысының Тұрақты комитеті түзетулер мен 17 заңның жобасын биыл және келесі жылы қарастырады.

 

Фото: russian.cgtn.com