Қазақстан Президенті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Қазақстан Президенті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Қазақстанда  коронавирустан төнген қауіп әлі де сейілген жоқ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда», - деп жазды Президент.

 

Фото: 24.kz