ДДСҰ пандемиядан қорғаныс тәсілдерін сынға алды

ДДСҰ пандемиядан қорғаныс тәсілдерін сынға алды

ДДСҰ коронавирустан қорғанудың танымал әдістерін сынға алды. Сарапшылардың айтуынша, бұл тәсілдер ақылға қонымсыз, сонымен қатар адам денсаулығына да қауіпті екен.

Ұйым залалсыздандырғыш заттарды бүрку немесе фумигациялау қажетті әсер етпейтіндігін айтып отыр. Осылайша, ДДСҰ көзге, теріге және тыныс алу жолдарына зақым келтіріледі дейді.

Сарапшылар айтуынша, кез келген жерді зарарсыздандыру қажет болса, мұны арнайы құралдарға малынған шүберекпен жасаған дұрыс. Дегенмен дезинфекцияланатын жер алдын ала шаң-тозаңнан тазартылып алғаны жөн.

«Формальдегид, хлор негізіндегі өнімдер немесе төрттік аммоний қосылыстары бар сияқты кейбір химиялық заттарды бүрку немесе вапоризациялау денсаулыққа зиянды. Сондықтан ұсынылмайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ДДСҰ сарапшыларының пікірінше, дезинфекциялау құралдарын көшелер мен аулаларға бүркудің қажеті жоқ. Шаң-тозаңмен араласқандықтан, оның пайдасынан зияны көп.

Cонымен қатар залалсыздандыру қосындыларын адам денесіне бүркі тіпті көздің және терінің тітіркенуіне ғана емес, сонымен қатар бронхоспазмға, жүрек айну мен құсуға әкеп соғуы әбден мүмкін. Айта кетейік, ауа-тамшылары жолдарымен дезинфекциялау коронавирустың ауаға таралуын төмендетпейді.

 

Фото: mk.ru