АҚШ Қазақстанның денсаулық саласын цифрландыру тәжірибесіне қызығушылық танытты

АҚШ Қазақстанның денсаулық саласын цифрландыру тәжірибесіне қызығушылық танытты

Қазақстан АҚШ Қорғаныс министрлігімен денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру тәжірибесімен бөліседі. Біздің ел Biosurveillance Network of the Silk Road countries онлайн сессиясында қатысуға шақыру алды. Бұл – Жібек жолы елдерінің эпидемиологтары мен медицина мамандары үшін ашық алаң.

Еске салсақ, медициналық ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуі кезінде алмасатын деректердің мәнін бірдей түсінуді қамтамасыз ету үшін еліміздің денсаулық сақтау ведомствосы осы жылдың 23 сәуірінде «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ережесін бекіткен болатын. Ол бір платформада бірыңғай орталықтандырылған медициналық деректердің қоймасын құруға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, бұл – үлкен деректермен  қосымша өңдеусіз алмасу.

Қазақстанның бұл қадамы ҚР Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерлерді азайту агенттігінің қызығушылығын тудырды. COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде аталған тақырыптың өзектілігін ескере отырып, агенттік ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығын баяндама жасауға шақырды.

«Қазіргі уақытта екі тараптың да бағдарлама сарапшылары COVID-19 пандемиясына қарсы күреске белсенді тартылған. Сондай-ақ Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа елдерінен шақырылған тар бейінді сала мамандары мен кәсіби медицина саласының  тыңдаушыларымен және қатысушыларымен тұрақты негізде бейнеконференциялар өткізіліп тұрады. Қазақстандық қазақстандық медициналық мекемелер мен үкіметтік құрылымдардың өкілдері коронавирусты емдеу хаттамаларына, таралуына, ғылыми тәсілдеріне қатысты сессияларға қатысып тұрады»,- деп атап өтті денсаулық сақту министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Фото: baigenews.kz