БҰҰ: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан да зиян келтіруде

БҰҰ: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан да зиян келтіруде

Жақыныңнан айырылу, жұмыссыздық, оқшаулану және қозғалыстың шектелуі, болашаққа деген қорқыныш. COVID-19 індеті тек физикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да адамдарға зиян келтіруде.

БҰҰ Бас хатшысы барлық елдердің үкіметтерін психикалық денсаулық сақтау қызметтерін кеңейтуге және толық қаржыландыруға, соның ішінде әмбебап медициналық көмекті қамтамасыз етуге шақырды.

«Әсіресе вируспен күресте алғы шепте жүрген мамандар, жасы үлкен адамдар, жастар, сондай-ақ бұрын жүйке жүйесі сыр бергендер мен індет ошағы аумағындағы адамдарды бақылауға алуымыз керек. Олар біздің қолдауымыз бен көмегімізге зәру»,-деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Айта кетейік,  бүгін БҰҰ коронавирустың адам психологиясына тигізетін әсері туралы арнайы баяндамасын жария етпек.

Әлемде коронавирус індетінен сауығып шыққандар қатары көбеюде

Джонс Хопкинс университетінің мәлімдеуінше әлемде коронавирус індетінен сауығып шыққандардың қатары күн санап артып келеді.

Әлем бойынша COVID-19 індетінен жазылып шыққандар саны бойынша бірінші орында АҚШ тұр.  Бүгінгі таңда мұнд 1,42 млн адам вирусты жұқтырған. 244 мыңға жуық науқас кеселден айығып шыққан.

Ал, Италияда коронавирус дерегі анықталған науқастардың жартысынан көбі жазылып шыққан. Елде 222,1 мың адам вирусқа шалдыққан. 113 мыңға жуық науқас бүгінгі таңда сауығып шыққан. Жалпы пандемия басталғалы Италияда 31,1 мың науқас қайтыс болды.

Германияда індеттен жазылғандардың саны  148,7 мыңға жетті. Бұл COVID-19 дерегі расталған 174 мың жағдайдың  80% құрайды. Індеттен жалпы 7,8 мың адам мерт болды.

Еуропаның өзге елдері ішінде Испанияның қалпына келу қарқыны жақсы. Мұнда 140,8 мың адам вирустан айыққан. Бұл елде расталған деректердің жартысынан астамын құрайды. Жалпы, Испанияда шамамен 228,7 мың адам коронавирус жұқтырған, 27,1 мың адам қайтыс болған.

Жалпы алғанда, әлемде COVID-19 пандемиясы басталғалы 4,3 миллионнан астам адам вирусты жұқтырған. 1,5 миллионнан астам адам ауруды жеңіп шыққан. 297,1 мың науқас инфекциядан көз жұмды.

 

Фото: psyfactor.org