Коронавирус геномы Қазақстанда зерттеледі

Коронавирус геномы Қазақстанда зерттеледі

Қазақстан COVID-19 індетін зерттеу бағытында кезекті жаңа бастаманы қолға алды. Енді отандық ғалымдар коронавирус геномын зерттеуді қолға алмақ. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов хабарлады.

«Бізде коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайы мен олардың байланыстарын зерттеу жүргізіледі. Бұл - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасы. Ол бізге вирус штаммын, сонымен қатар халық арасында вирустың таралу барысын, қалай таралғанын, қандай факторлар ықпал еткенін зерделеуге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындары мамандары және ғалымдары зерделегеннен кейінгі нәтижені 1-2 айдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне табыстаймыз», - деді Сержан Айдосов.

Ал елімізде КВИ жеңіп шыққандар қатары күн сайын артып келеді. Бүгін денсаулық сақтау министрлігі 64 науқастың сауығып шыққанын хабарлады. Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 2287 жетті. Осы күнге дейін 5417 адам қатерлі індет жұқтырғаны анықталды. Ал қайтыс болғандары саны – 32.

 

Фото: inform.kz