COVID-19: ДДҰ COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап табуда

COVID-19: ДДҰ COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап табуда

Коронавирус инфекциясы бүкіл әлемді жайлап, сонымен қатар оның ақпараттық кеңістігінде де таралды. Желідегі әрбір екінші жаңалық, әдетте, індетке қатысты болады.

Дегенмен бірқатар елде карантин режимі жеңілдетілгенімен, халық әлі де алаңдаушылық танытуда. Барлығын қауіпті инфекцияға қарсы вакцинаның қай уақытта ойлап табылатыны толғандырып отыр. Қазіргі уақытта әлемде жүзден астам фармацевтикалық компаниялар коронавирусқа қарсы вакциналарды әзірлеуде.

Айта кетейік, сегіз сынама қазірдің өзінде клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Алайда ДДҰ өкілдерінің айтуынша, тиімді вакцинаның пайда болу уақыты туралы айтуға әлі ерте. Олар оны биылғы жылы ойлап тауып, дамыта алады деген сенім білдіруде. Бірақ жаппай өндіріс 2021 жылдан ерте басталмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектердің де панацея болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазір бірнеше дәрі сынақтан өтуде. Алайда олардың атаулары әлі де құпия түрде сақтаулы. Оның бірден бір себебі бұл дәрі-дәрмектер вирусты толығымен тоқтата алатындығы толық нәтиже берген жоқ. Бірақ бұл препараттардың аурудың ауырлығын және оның салдарын азайтуға мүмкіндік беретіндігіне дәлел бар.

COVID-19: әлемде індетке шалдыққандар саны 4,4 миллионға жақындады

Джонс Хопкинс университетінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда әлемде 4 миллион 339 мыңнан астам адам қауіпті инфекцияны жұқтырды, олардың 300 мыңға жуығы қайтыс болды. Қазіргі уақытта ДДҰ Солтүстік және Оңтүстік Американы пандемия ошағы деп белгілеп отыр. Алайда өзге де континенттерде коронавирус деректері анықталуда.

Айта кетейік, АҚШ COVID-19 дерегі ең көп тіркелген және өлім-жітім саны бойынша көшбасшы болып тұр. Бұл елде 1 миллион 408 мыңнан астам адам вирусты жұқтырған. АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы спикері Нэнси Пелоси коронавирусты «Америка тарихындағы ең үлкен апат» деп атады. Сонымен қатар елде инфекциямен күреске жұмсалған қаражат  та өсіп келеді. Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарының 33 миллион азаматы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген.

Ресей қатерлі індет жұқтырған адамдар саны бойынша екінші орынға шықты. Владимир Путиннің баспасөз хатшысында коронавирус анықталды.

Америка Құрама Штаттары бұл қатерлі тізімнің көшін бастап тұрса, екінші орын тұрақсыз дөп басып айту қиын. Бұл орайда мемлекеттер әрдайым өзгеріп тұрады. Әзірге бұл сатыға Ресей көтерілді. Қазір көрші елде инфекция анықталған науқастар саны 232 мыңға жетті. Бұған дейін премьер министр Михаил Мишустиннің сырқаттанғаны хабарланған болатын. Қазір оның денсаулығы жақсарып келеді. Ал кеше кешкісін баспасөз маслихатында Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. Жалпы елде пандемия басталғалы 2116 науқас індеттен көз жұмған.

Үшінші орында – Испания. Онда 228 мыңға тарта жұқтыру жағдайы тіркелген. Кейін коронавирус жұқтыруға қатысты анықталған деректердің көптігі жөнінде Ұлыбритания, Италия, Франция, Бразилия, Германия, Түркия мен Иран елдері келеді.

 

Фото: dv.ee