Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5417-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5417-ге жетті

Қазақстанда осы сағаттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 138 адамнан COVID-19 анықталды. Атырау облысында эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді. Аймақта бірден 92 дерек расталды. Бұдан бөлек  Нұр-Сұлтан қаласы - 15, Батыс Қазақстан облысы - 11, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында – 6 адамнан, Түркістан облысы - 4, Қарағанды облысы - 3, Шығыс Қазақстан облысы - 1.

Елімізде коронавирус дерегі ең көп расталған Алматы қаласы болып тұр. Мұнда 1628  адам қауіпті індетке шалдыққан.

Жалпы осы сағатта

Нұр-Сұлтан қаласы – 1118

Атырау облысы – 432

Батыс Қазақстан облысы – 266

Шымкент қаласы – 245

Қызылорда облысы – 231

Қарағанды облысы – 200

Жамбыл облысы – 198

Түркістан облысы – 190

Алматы облысы – 183

Ақтөбе облысы – 176

Павлодар облысы – 154

Ақмола облысы – 110

Маңғыстау облысы – 130

Шығыс Қазақстан облысы – 52

Қостанай облысы – 68

Солтүстік Қазақстан облысы – 36, жалпы 5417 адамда коронавирус дерегі расталды.

Сауығып кеткендер – 2223, қайтыс болғандар – 32 адам.

 

Фото: dw.com