ДДҰ коронавируспен күресте Қазақстанға жоғары баға берді

ДДҰ коронавируспен күресте Қазақстанға жоғары баға берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді.

 «Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі»,- деп жазды Клюге өзінің әлеуметтік парақшасында.

Сонымен қатар ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде қауіпті індетке қарсы күшейтілген бақылау, тестілеудің кең ауқымы, әсіресе, медицина қызметкерлері арасында, мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау, профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау мен науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы жұмыстары атқарылып жатқанын атап өтті.

 

Фото: liga.net