Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4160-қа жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4160-қа жетті

Қазақстанда осы сағаттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 39 адамнан COVID-19 анықталды. Оның ішінде:

 Алматы қ. – 18, Нұр-Сұлтан қ. – 5, Қостанай облысында – 3, Атырау облысында – 4, Ақтөбе облысында – 3, Павлодар және Қарағанды облыстарында – 2 адамнан, Алматы және Маңғыстау облыстарында – 1 адамнан.

Елімізде әлі де індет жұқтырғандар саны бойынша Алматы қаласы алда тұр. Мұнда 1353 адамда коронавирус расталды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша -728 науқас COVID-19 індетіне шалдыққан.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы сағатта аймақтардағы инфекция жұқтыру жағдайлары:

Қызылорда облысы – 216

Шымкент қаласы – 215

Атырау облысы – 206

Батыс Қазақстан облысы – 198

Ақтөбе облысы – 163

Қарағанды облысы – 161

Жамбыл облысы – 158

Алматы облысы – 157

Түркістан облысы – 154

Павлодар облысы – 152

Ақмола облысы – 101

Маңғыстау облысы – 85

Қостанай облысы – 53

Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында – 30.

Жалпы 4160  науқас тіркелді.

Жазылып шыққандар саны – 1264. 29 адам індеттен көз жұмды.

 

Фото: sputniknews.kz