Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3273-ке жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3273-ке жетті

Мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал. «Кейінгі тәулікте жұқтыру бойынша өсім 2,6 пайыздық деңгейде болды.

«Елордада жағдай тұрақталып келеді. Мәселен кейінгі екі күнде жұқтырғандар аз тіркелді. Бұл алдын алу жұмыстарының арқасы десек болады. Қазір қалада азаматтарды экспрес-тесттерден өткізіп жатырмыз. Егер жұқтырғандар анықталып жатса – ол дұрыс. Яғни, алдын алу жұмыстарын да бұл жағдайда тезірек жүргізе аламыз», - деді  Сәуле Қисықова.  

Жалпы Қазақстанда тағы 68 адамда COVID-19 дерегі расталды. Эпидемиологиялық ахуал әлі де Алматы қаласында күрделі, мұнда 988 науқаста қауіпті вирус расталды. Елордада 631 адам коронавирус жұқтырған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы сағатта аймақтардағы инфекция жұқтыру жағдайлары:

Қызылорда облысы – 198

Шымкент қаласы – 192

Қарағанды облысы – 149

Батыс Қазақстан облысы – 146

Алматы облысы – 135

Атырау облысы – 135

Павлодар облысы – 128

Түркістан облысы – 124

Жамбыл облысы – 119

Ақмола облысы – 99

Ақтөбе облысы – 82

Қостанай облысы – 49

Маңғыстау облысы – 48

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Шығыс Қазақстан облысы – 20

Барлығы – 3273 науқас қауіпті індетті жұқтырған.  Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны – 832 адам, қайтыс болғандар – 25.

 

Фото: informburo.kz