Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тағы 30 зертхана ашылады

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тағы 30 зертхана ашылады

Қазақстанда коронавирус инфекциясыны жасырын таралу ошақтарын анықтау шаралары күшейтіледі. Осы мақсатта мамыр айының соңына дейін зерттеу жұмыстарын тәулігіне 25 мыңға дейін арттыру және Қазақстан бойынша тағы 30 зертхана ашу көзделген.Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлім етті.

«Ең алдымен, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуымен күресіп жүрген басқа да тұлғалар тексеріледі. Сонымен қатар ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер қаралады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік,  қазіргі таңда COVID-19 вирусын анықтау бойынша тәулігіне 16 мың зерттеу жүргізіледі.

 

Фото: kursiv.kz