А. Есмағамбетова: Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асуы мүмкін

А. Есмағамбетова: Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асуы мүмкін

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны мамыр айының аяғына дейін 5 300-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін 5 300 науқас болуы мүмкін. Осыған дейін айтқанымдай жағдайлардың көбі сырттан келгендерден тіркеліп жатыр. Соңғы екі аптада осындай 200 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш сыртқы қауіпті білдіреді, бірақ ішкі емес», - деді ол.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3078-ге жетті, жазылып шыққандар саны - 774, ал қайтыс болғандар - 25.

 

Фото: kaztag.kz​