Сингапур ғалымдарының болжамы: Қазақстан коронавирусты шілдеде толық жеңеді

Сингапур ғалымдарының болжамы: Қазақстан коронавирусты шілдеде толық жеңеді

Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті. Науқастар саны 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін. Сингапур ғалымдары осындай болжам жасады. Елдегі  Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары Қазақстаннан бөлек қауіпті инфекция тараған бірнеше елдегі COVID-19 аяқталу мерзімін болжады.  Болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды. Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескерген, деп хабарлайды Naked Science.

Айта кетейік,  еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатерлі індеттің көктемнің соңына дейін шарықтау шегі өткенімен эпидемия жаз мезгілінде де сейіле қоймайтынын айтқан еді.  Қазақстандық эпидемиологтардың пікірінше коронавирус инфекциясы күзде тұмаумен бірге қайта өршуі ықтимал. Сарапшылар осы себепті халықтың көбіне тұмауға қарсы вакцина жасалуы керектігін алға тартып отыр.

Автор: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: ztb.kz