Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3063-ке жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3063-ке жетті

Қазақстанда тағы 36 адамда COVID-19 дерегі расталды. Эпидемиологиялық ахуал әлі де Алматы қаласында күрделі, мұнда 924 науқаста қауіпті вирус расталды. Елордада 612 адам коронавирус жұқтырған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы сағатта аймақтардағы инфекция жұқтыру жағдайлары:

Қызылорда облысында - 187,

Шымкент қаласында - 182,

Қарағанды облысында - 139,

Атырау облысында – 131,

Батыс Қазақстан облысында - 127,

Түркістан облысында - 124,

Павлодар облысында – 122,

Алматы облысында - 113,

Жамбыл облысында - 113,

Ақмола облысында - 98,

Ақтөбе облысында - 65,

Қостанай облысында - 45,

Маңғыстау облысында - 34,

Солтүстік Қазақстан облысында - 30,

Шығыс Қазақстан облысында - 17, жалпы 3063 науқас тіркелді.

Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны – 725 адам, қайтыс болғандар саны – 25.

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус табылған жеті науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

«Қазақстанда COVID-19 жұқтырған жеті науқас: Алматы қаласында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Қызылорда облысында - 2, Батыс-Қазақстан облысында - 1, Атырау облысында - 1 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды. Жалпы елімізде  50 науқас жансақтау бөлімінен мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.

 

Фото: kapital.kz