Қазақстанда 754 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда 754 адам коронавирустан емделіп шықты

Республикада тағы 29 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, аурудан жазылғандардың саны 754-ке жетті.

Осы сағаттағы мәліметке сәйкес, республика бойынша 2982 адамда инфекция расталған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 599, Алматы қаласында – 909, Шымкент қаласында – 176, Ақмола облысында – 94, Ақтөбе облысында – 61, Алматы облысында – 101, Атырау облысында – 128, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 108, Батыс Қазақстан облысында – 126, Қарағанды облысында – 136, Қостанай облысында – 43, Қызылорда облысында – 183, Маңғыстау облысында – 31, Павлодар облысында – 120, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында 121 науқас анықталды.

25 адам аурудан көз жұмды.

 

Фото: inform.kz