Қазақстанда 696 адам коронавирустан жазылып шықты

Қазақстанда 696 адам коронавирустан жазылып шықты

Елімізде тағы 14 адам коронавирус індетінен емделіп шықты: Шымкент қаласында - 6, Павлодар облысы - 1, Қызылорда облысында 7 адам ауруды жеңе алған.

Республика бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны – 2791 адам. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 529 адамда, Алматы қаласында – 848, Шымкент қаласында – 175, Ақмола облысында – 93, Ақтөбе облысында – 57, Алматы облысында – 97, Атырау облысында – 123, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 105, Батыс Қазақстан облысында – 122, Қарағанды облысында – 128, Қостанай облысында – 43, Қызылорда облысында – 182, Маңғыстау облысында – 27, Павлодар облысында – 105, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында 111 адамда COVID-19 вирусы анықталған. Инфекция жұқтырған 25 адам қайтыс болды.

 

Фото: tengrinews.kz