Қазақстанда тағы 17 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 17 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде тағы 17 адам коронавирустан айықты. Нұр-Сұлтан қаласында 3, Атырау облысында 4, Қызылорда облысында 5, Қарағанды облысында – 4, Павлодар облысында 1 адам сауығып шықты. Айта кетерлігі, қатерлі індетті жеңіп шыққандардың қатарында 93 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мен 82 жастағы атыраулық ақсақал бар.  Осылайша еліміздегі короновирустан сауығып шыққандар қатары 585-ке жетіп отыр.

Соңғы деректер бойынша COVID 19 дерегі 2334 қазақстандықта расталды. Қатерлі дерттен 24 адам көз жұмды. 

 

Фото: focus.ua