Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 22-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 22-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды. Жалпы елімізде COVID-19 дертінен қайтыс болғандар саны 22-ге жетті. 560 адам вирустан жазылып шықты.

Соңғы мәліметтер бойынша, індетті жұқтырудың 2334 жағдайы тіркеліп отыр. 

Індет көрсеткіші Алматы қаласында ең жоғары-764, Нұр-Сұлтанда 433, Қызылорда облысында – 161, Шымкент қаласында – 139, Ақмола облысында – 85, Ақтөбе облысында – 55, Алматы облысында – 69, Атырау облысында – 84, Шығыс Қазақстан облысында – 15, Жамбыл облысында – 98, Батыс Қазақстан облысында – 92, Қарағанды облысында – 108, Қостанай облысында – 38, Маңғыстау облысында – 20, Павлодар облысында – 62, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 81 адамда короновирус расталды.

 

Фото: interfax.ru