Қазақстанда 536 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда 536 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде тағы 21 адам коронавирустан жазылып шықты, осылайша инфекцияны жеңгендер саны 536-ға жетті. 20 адам қайтыс болды.

Осы сағаттағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 2207 жағдайы қуатталған.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 422, Алматыда – 736, Шымкент қаласында – 133, Ақмола облысында – 83, Ақтөбе облысында – 34, Алматы облысында – 65, Атырау облысында – 82, Шығыс Қазақстан облысында – 15, Жамбыл облысында – 79, Батыс Қазақстан облысында – 86, Қарағанды облысында – 102, Қостанай облысында – 36, Қызылорда облысында – 158, Маңғыстау облысында – 19, Павлодар облысында – 50, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында 77 науқас тіркелді.

 

Фото: inbusiness.kz​