Қазақстанда COVID-19 күресте қан плазмасын қолданады

Қазақстанда COVID-19 күресте қан плазмасын қолданады

Коронавирусты жұқтырғандарды емдеу үшін иммундық плазма қолданылады. Бұл ауруға шалдыққандардың індетті тезірек жеңуіне ықпал етуі мүмкін.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрықты әзірледі. Құжат сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ иммундық плазманы алуға жұмсалатын шығындар есептелуде. 15 сәуірде коронавирусты емдеудің клиникалық хаттамасына өзгеріс енгізілді.

«Осы уақытқа дейін иммундық плазма әлі ешкімге құйылған жоқ. Бірақ қазіргі уақытта емдеудің осы жолын қолдану жөнінен ҚР ДСМ әзірлік жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, коронавируспен күресте антиденелер мен плазмалардың пайдасы барын АҚШ және Ресей мойындап, тәжірибені қолданысқа алған.

 

​Фото: kp.ru​