Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2191-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2191-ге жетті

Елімізде КВИ жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді. Республикада қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны 2191 адамға жетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 421 адам, Алматы қаласында – 735, Қарағанды облысында - 102, Ақмола облысында - 83, Атырау облысында - 82, Жамбыл облысында - 79, Шымкент қаласында - 131, Шығыс Қазақстан облысында - 15, Алматы облысында - 62, Ақтөбе облысында - 34, Солтүстік Қазақстан облысында - 30, Павлодар облысында - 43, Маңғыстау облысында - 19, Қызылорда облысында - 157, Батыс Қазақстан облысында - 86, Түркістан облысында - 76, Қостанай облысында 36 науқас анықталып отыр.

515 адам аурудан жазылып шықты, 19 адам қайтыс болды.

 

Фото: zonakz.net​