COVID-19: Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандары не дейді?

COVID-19: Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандары не дейді?

Әлем елдерінің қазіргі кездегі басты мақсаты – коронавируспен күресте жеңіске жету. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы аптада бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

1. Коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеулерді тез алып тастаудың салдары болуы мүмкін. ДДСҰ-ның атап өтуінше, алдағы уақытта пандемияның екінші рет бас көтеріп, жаңа қарқынмен өрши түседі және бұл мемлекеттердің қабылдаған іс-қимылдарына байланысты болады. 

2. Коронавирустың таралуын тежеу және осы мақсатта қолданылған шаралар аса тиімді болуы мүмкін. Әлі де болса нақты ережелерді сақтау қажет, дейді мамандар. Бұл ретте ДДСҰ:

* Жаппай спорттық, діни және мәдени шараларды ауыстыруға және кейінге қалдыруға;

* COVID-19 жұқтырғандармен қатынаста болғандарды оқшаулауға;

* Қашықтан оқу мен жұмыс істеуді қамтамасыз етуге;

* Аса қажет болмаса, адамдардың жүріп-тұруын шектеуге кеңес береді.

3. Барлық елдер COVID-19 пандемиясы сияқты қауіп-қатерлермен күресте жаһандық механизмдерді жетілдіріп отыруы керек. Бұл үшін цифрлық шешімдер енгізіп, медициналық мәліметтермен алмасуды жақсарту керек, вакциналарды зерттеуді тездетіп халықаралық қоғамдастықты кеңейту қажет, дейді ДДСҰ мамандары. Ұйымның мәлімдеуінше, жаңа вирусты бірлесіп қана жеңуге болады. 

«Ұйым әлем елдерінен эпидемияның алдын алу және онымен күресу үшін 150 миллион доллар жинады. Сонымен қатар, түрлі мемлекеттердің ресурстарын үйлестіру және адам өмірін сақтап қалу бойынша өз міндетімізді атқаруды жалғастырамыз. Өмір сүріп жатқан жер – ортақ, тағдырымыз да, болашағымыз да бір. Елдер өзара ынтымақтастықты күшейтіп, қазіргі дағдарысты бақылауға ала алады, сондай-ақ мұндай дағдарыстың болашақта қайталанбас үшін қолдарынан келгенін жасайды деп үміттенеміз», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

 

​Фото: pravda.com.ua