Қазақстанда 500-ден аса адам коронавирустан жазылып шықты

Қазақстанда 500-ден аса адам коронавирустан жазылып шықты

Республикада 505 адам COVID-19 инфекциясынан толықтай жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны – 19.

Соңғы мәліметтерге сай, елімізде КВИ жұқтырудың 2047 жағдайы тіркелген.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 403 адам, Алматы қаласында – 693, Қарағанды облысында - 101, Ақмола облысында - 83, Атырау облысында - 82, Жамбыл облысында - 76, Шымкент қаласында - 103, Шығыс Қазақстан облысында - 11, Алматы облысында - 62, Ақтөбе облысында - 27, Солтүстік Қазақстан облысында - 30, Павлодар облысында - 37, Маңғыстау облысында - 16, Қызылорда облысында - 151, Батыс Қазақстан облысында - 72, Түркістан облысында - 66, Қостанай облысында - 34 адам тіркелді.

 

Фото: utro.ru