USAID: Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда

USAID: Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда

Америка Құрама Штаттарының Үкіметі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуын төмендету үшін қосымша 348 миллион теңге бөлді.

«Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда. COVID-19-ға қарсы күресте АҚШ Үкіметі Қазақстанды және әлемдегі басқа серіктестерді қолдайды», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. «Халықаралық қауымдастық ретінде бар күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Әрқайсымыз үйде қалу және үкіметтің нұсқауларын орындау арқылы індетті жоюға өз үлесімізді қоса аламыз».

COVID-19 індетімен күресу үшін қазақстандық сарапшылар америкалық мамандармен күн сайын тығыз жұмыс жасап келеді. Бұған дейін АҚШ коронавирустың таралуын тоқтату шараларына қолдау ретінде Қазақстанға 713 миллион теңге қаржы бөлген. Ол инфекциялық аурулардың алдын алужәне бақылау шараларына, зертханалық жүйелерді ірі ауқымды тестілеуге дайындауға, вирустың таралуын болдырмау және онымен күресу үшін қабылданған қадамдар туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған, делінген АҚШ елшілігі таратқан ресми хабарламада.

 

Фото: kpkz