Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1949-ға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1949-ға жетті

Қазақстанда осы сағаттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 77 адамнан COVID-19 анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Алматыда – 57, Шымкентте – 7, Павлодар облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 1, Алматы облысында – 6.

Елімізде коронавирус дерегі ең көп расталған Алматы қаласы болып тұр. Мұнда 606 адам қауіпті індетке шалдыққан.

Жалпы осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 386 адам, Қызылорда облысында – 149, Қарағанды облысында – 93, Шымкент қаласында - 90, Ақмола облысында - 82, Атырау облысында - 80, Батыс Қазақстан облысында - 64, Түркістан облысында - 60, Жамбыл облысында - 61, Алматы облысында - 50, Павлодар облысында - 33, Солтүстік Қазақстан облысында - 30, Ақтөбе облысында - 27, Қостанай облысында - 21, Маңғыстау облысында - 12, Шығыс Қазақстан облысында - 8, жалпы 1852 науқас тіркелді.

Сауығып кеткендер – 447, қайтыс болғандар – 19 адам.

 

Фото: gazeta.ru