Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған жұқпалы дерттер ауруханасының құрылысы аяқталды. Бұл жөнінде құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, палаталар толық жабдықталған. Бас мердігер жаңадан салынған емдеу мекемесінің терапия және жасанды өкпе желдеткіш аппараттары орнатылған палаталарды түсіріп, бейнежазбаны  көпшілікке жариялады. 

«Жақын күндері медицина қызметкерлерімен аппараттарды реттеп госпитальді қолданысқа береміз. Медицина қызметкерлері қауіпсіз технологияларға дән риза болды. Енді олардың індетті жұқтыру қаупі жоқ», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, алдағы бірер күнде 280 орынға шақталған Алматы қаласындағы инфекциялық арухана құрылысы да аяқталып, қолданысқа тапсырылатыны айтылған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: neonomad.kz