Батыс Қазақстан облысында 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Батыс Қазақстан облысында 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Батыс Қазақстан облысында 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеген. Оның ішінде алтауы – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, сегізі – Түркістан облысының тұрғыны және екеуі Жамбыл облысының тұрғыны. Шекарадан өткенде азаматтардың денсаулығына ешқандай шағымдары болмаған. Белгіленген алгоритм бойынша жедел жәрдем шақырылып, барлығы тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді. Диагностикалық зерттеудің қорытындысымен 16 адамда COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында осы күні коронавирус жұқтырған 63 адам тіркелген. Екі адам жазылып шықты.

Ал Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1757-ге жетті.

 

Фото: profi.travel