Дәрігер кеңесі: короновирусты үйге әкелмеудің амалын жасаңыз

Дәрігер кеңесі: короновирусты үйге әкелмеудің амалын жасаңыз

Карантин - карантинмен, бірақ тұрғындардың сыртқа түрлі шаруамен шығуына тура келетін кездер көп. Маңыздысы:  азық- түлік немесе дәрі- дәрмек алу үшін болмаса  қоқыс шығарған кездері  жұқпалы індетті үйге алып кірмеудің амалын жасау керек дейді дәрігерлер. Бұл үшін  бар болғаны гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек.  Мәселен, табалдырыққа хлор ерітіндісіне малынған шүберек төсеп, онымен аяқ киім табанын сүртіп кірген жөн. Әр қолданған соң шүберекті  жуу шарт емес. Бастысы оның ылғалдылығы сақталса жеткілікті. Содан кейін үйге кірген адам ашық теріге тигізіп алмайтындай қолғап пен масканы шешіп, оларды тастау керек. Ал егер  бірнеше реттік болса қайта өңдеу ләзім. Көшеге киіп шыққан сырт киімді шешіп, оны бөлек ілген дұрыс.

«Сыртқа шыққанда мүмкіндігінше жеңі ұзын киімдер киіп, дене толық жабылғаны жөн. Ал дүкеннен азық-түлік сөмкесі мен басқа да заттарды алып кірген жағдайда мысалы, телефон, банк картасы, кілт сияқты құралдың бәрін өңдеу керек. Ол үшін антисептикалық немесе 60 пайыздық изопропилді спирт қажет. Ал өңдеу кезінде бір реттік майлық қағаздарды қолданған тиімді», – дейді ресейлік дәрігер Надежда Фомина.

Дүкенде сатып алынған тауарларға да ерекше назар аударған жөн. Дәрігер оларды сабынмен жууға кеңес береді.

«Азық-түлікті тек герметикалық қаптамада сатып алу керек. Қаптамасыз, ашық кеңістікте сақталып, саудаланатын өнімдерден бас тартқан жөн. Көкөністер мен жемістерді тек жуып пайдаланыңыздар», – деп атап өтті Надежда Фомина.

Сонымен қатар сыртта жүргенде өзге адамдармен алшақтықты сақтауды естен шығармау керек. Аралық кем дегенде 1 ,5-2 метр болуы шарт.

 

Фото: spb.kp.ru