COVID-19: әлемдегі ахуал қандай?

COVID-19: әлемдегі ахуал қандай?

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 2 182 197 адамға жетті. Пандемия басталғалы бері әлемнің 185 елінде 145 мыңнан астам адам қайтыс болып, 547 мыңнан астамы сауығып шықты.

COVID-19 дерегі ең көп тіркелген елдердің көшін әлі АҚШ бастап тұр. Мұнда 671 мың жағдай расталған. Айта кетейік, Құрама Штаттар карантиннен шығу кезеңін үшке бөлген. Оның әрбірі кемінде 14 күнге созылатын болады.

Күрделі жағдайға тап болған елдердің тізімінде Испания, Италия, Германия, Ұлыбритания және Франция бар. Бесінші республикада бір тәулікте коронавирус жұқтырған 17 мыңнан аса адам анықталған. Осылайша, науқастар саны 165 мыңға жеткен.

Ұлыбританияда да жағдай көңіл көншітерлік емес. Мұнда COVID-19 вирусының белең алуына байланысты оқшаулау режимі тағы 3 аптаға ұзартылды. Елде 103 мыңнан астам науқаста коронавирус диагнозы расталған. 13,5 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал 1559 науқастың жағдайы ауыр. Дегенмен Біріккен Корольдік сауығып шыққан  адамдардың нақты саны туралы мәліметті әлі жариялаған жоқ.

Ал, Германия індетті «бақылауға» алғанын хабарлады. Бүгінде мұнда 137 мыңнан астам адамда коронавирус анықталған. Инфекциядан 4 мыңнан астам адам көз жұмды. 77 мың науқас сауығып шыққан.

 

Фото: gazeta.ru