Ғалымдар өкпені жасанды демалдыратын құрылығы ойлап тапты

Ғалымдар өкпені жасанды демалдыратын құрылығы ойлап тапты

Ұлыбританияда жасалған құрылғы коронавриус індетіне шалдыққандарға тыныс алуға көмектеседі. Қазір модель Лондондағы медициналық мекемелерде сынақтан өтуде.

«40 жаңа құрылғы Лондондағы University College London ауруханасына және Лондондағы тағы үш ауруханаға жеткізілді»,-дейді ғалымдар.

Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды реттеу бойынша Британ агенттігі (MHRA) аппаратты пайдалануға рұқсат берді.

«Әдетте медициналық құрылғыны жасап шығаруға бірнеше жыл уақыт кетеді. Ал біз бірнеше күнде-ақ осындай жетістікке жеттік. Біз қазір кеңінен қолданылып жүрген өкпені жасанды желдету аппаратын негізге ала отырып, түрлендіріп, оны жаппай өндіріске бейімдедік»,- дейді UCL медициналық инженерия институтының директоры, профессор Ребекка Шипли.

Бұл құрылғы қарапайым оттегі маскасы мен желдеткіш арасындағы бетперде екенін ескеру керек. Ол оттегіні науқастың аузы мен мұрнын арқылы бағыттайды. Бұл өкпенің ашық күйінде қалуына және ондағы ауа мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Фото: pikabu.ru