БҰҰ: COVID-19 пандемиясынан жүздеген мың баладан айырылуымыз мүмкін

БҰҰ: COVID-19 пандемиясынан жүздеген мың баладан айырылуымыз мүмкін

Жаңа коронавирус індеті балаларға қарағанда ересектер үшін қауіпті. Дегенмен өскелең ұрпаққа жағымсыз әсері орасан. Бұл туралы БҰҰ баяндамасында айтылған. Халықаралық Ұйым сарапшыларының бағалауынша, пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдар әлі де ұзақ уақыт сезілетін болады. Биыл жүздеген мың бала қайтыс болуы ықтимал.

Балалардың қайтыс болу жағдайларының саны соңғы үш жылдағы балалар өлім-жітіміне қарсы күрестегі жетістіктерді жоққа шығара отырып, жүздеген мың адамға артады.

«Әзірше мәселе басқа факторларда болып отыр: мысалы, 143 елдегі 368,5 миллион бала таңғы асын мектепте алады, қазір олардың көпшілігі қажетті тамақпен қамтамасыз етілмей отыр», -делінген баяндамада. Бұдан бөлек, балалар оқшаулау режиміне шыдамайды, бұл олардың психикалық денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, оқшаулау орталықтарында отырған босқындар мен мигранттардың балалары осал болып келеді.

Сарапшылардың болжамынша, биыл 42-66 миллион бала кедейліктің зардабын шегуі мүмкін. 188 елдегі 1,5 миллиард кәмелетке толмағандар мен жастар өкілдері білім беру мекемелеріне бармайды. Мемлекеттердің үштен екісі қашықтан оқытуды енгізді, бірақ барлық елде мұндай мүмкіндік жоқ. Сарапшылар мәжбүрлі демалыс балалардың дамуына қалай әсер ететінін бағалауды әлі қолға алған жоқ.

«Баяндама авторларының қорытындысы күмән туғызбайды. Балаларды осы қауіптерден қорғау үшін біз дәл қазір әрекет етуіміз керек», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш құжатты таныстыру барысында.

 

Фото: yandex.ru