Украина пандемиямен күресуде Қазақстанмен бірлескен жұмысқа жоғары баға берді

Украина пандемиямен күресуде Қазақстанмен бірлескен жұмысқа жоғары баға берді

Владимир Зеленский Қазақстанмен бірлесіп медициналық заттарды Қытайдан Украинаға жедел жеткізу, сондай-ақ украиналықтарды отанына қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Бұл туралы Украина Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұйымдасқан жұмыс нәтижесінде Қытайдан Украинаға медициналық жүк жеткізіліп, екі елдің жүздеген азаматы отанына оралған еді.

«Украина және украин халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Өкінішке қарай, достық осындай сын сағатта сыналады», -деп атап өтті Зеленский.

Украина басшысы коронавирус пандемиясына қарсы күрес Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастың жандануына кедергі келтірмеуі тиіс екенін де атап өтті.

 

Фото: lb.ua