ҚР ДСМ: Қазақстанда коронавирус індеті шарықтау шегіне жетті

ҚР ДСМ:  Қазақстанда коронавирус індеті шарықтау шегіне жетті

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 240-қа жетті, 16 адам қайтыс болды. Ал инфекцияны 1295 адамның жұқтырғаны анықталды.  

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сенсек, елде коронавирус індеті шарықтау шегіне жетті. Қазір медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы күшейтілген режимде жұмысқа көшкен. Яғни кез келген ауруханада әр пациентке вирус жұқтыруы мүмкін адам ретінде қаралады.

ЛӘЗЗАТ АҚТАЕВА, ҚР ДСМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Яғни, қазір елімізде 100 мың адамға 7 науқастан келеді. Осыған байланысты, карантиннен бөлек, елді мекендерде жұмысын тоқтатпаған, инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ауқымды тексеру басталды. Бұл тестілеу 10 сәуірден 20 сәуірге дейін белсенді түрде жүргізіледі

Айта кетейік, қазір тестілеу 19  зертханада жүргізіліп жатыр. Олардың қуаты – тәулігіне алты мың сынамаға жетеді.  

 

Фото: inform.kz