Коронавирусты толығымен жеңген ел анықталды

Коронавирусты толығымен жеңген ел анықталды

Әлемді жайлаған COVID-19 Гренландия елі толығымен жеңіп шықты. Бұл туралы Worldometer мәліметтерінен көруге болды.

Дания құрамындағы автономия болып табылатын аралдың Нуук қаласынд коронавирус инфекциясы алғаш рет наурыз айының ортасында анықталып, сәуірдің басына дейін жалғасқан болатын. Ал, 4 сәуірден бастап осы күнге дейін Гренландия аралында бірде-бір вирусты жұқтыру дерегі расталмаған. Осыған байланысты премьер-министр Ким Кильсе билік коронавирус індетіне орай елде енгізілген карантин тәртібін жеңілдетуге көшетінін хабарлады.

 

​Фото: rbc.ua