Коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды

Коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды

Қостанай облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1945 жылы дүниеге келген, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Осылайша қауіпті індеттен қаза болғандар саны 15-ке жетті. Сондай-ақ инфекцияны жұқтырғандар саны артып келеді. Соңғы мәліметке сәйкес Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді.

Осылайша COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 1267-ге жетті.

 

Фото: legionural.ru