COVID-19: Қазақстанда сынама жұмыстары қалай жүргізіледі?

Қазақстандықтар клиникаларда коронавирус індетін анықтау үшін жедел тестілеуден өте алады. Алайда отандық және шетелдік сарапшылар мұндай сынақтардың ағзадағы инфекцияны ертерек анықтайтындай аса сезімтал еместігін ескертеді. Олардың пікірінше, COVID-19 вирусын тек зертханада ғана дәл және ерте анықтауға болады.

КИМ ДЭ ЁНГ, ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:

– Көптеген әдіс бар. Сонымен қатар біз автоматтандырылған әдісті қолданамыз. Магнит өрісі бар ортаны пайдалану. Ол бір уақытта бірнеше әдісті іске қосады, біз көптеген үлгіні өңдейміз. Осылайша, қазіргі таңда «Пэцээр» вирустың бастапқы сатысында да, алғашқы белгілері пайда болған кезде анықталатын әдістердің бірі болып табылады.

Корей ғалымдары ойлап тапқан тестінің бұл түрін әлем мойындаған, дейді мамандар. Адамның мұрын және ауыз қуысынан алынатын талдау нәтижелері коронавирусты оның белгілері пайда болған алғашқы күндері-ақ анықтай алады. Яғни вирустың кең етек алуына жол бермейді. Ал тестінің нәтижесі 4-6 сағат аралығында дайын болады. Қазір зертхана күніне орта есеппен 500-ге дейін сынақ өткізеді. Бірақ орталықтың мүмкіндігі бұдан да зор дейді зертхана басшылары.

КИМ ХЕОН ДЖИН, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

– Қазір жабдықтар мен реагенттерді күтіп отырмыз. Олар келген бетте біз күніне екі мыңға дейін сынақтарды өткізе аламыз. Әрине тек Алматыдағы ғана емес, сонымен қатар елордада және еліміздің басқа да қалалары мен облыстарында сынақ алуға дайын боламыз.

Ал Қызылорда облысында коронавирусты дер кезінде анықтау үшін мобильді зертханалар жұмыс істейді. Жүк көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі автозертханалардың әрқайсысы тәулігіне 50-100-ге дейін сынама нәтижесін шығара алады. Әрі бактериялық, вирустық инфекцияларды анықтайды.

ЗИЯТ ӘБДЕЛ, М.АЙҚЫМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

– Қазіргі таңда жеткілікті түрде полимеразды тізбектік реакция қоятын тест жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Вирустық инфекцияларға сынама алғаннан кейін 2-3 сағаттан 24 сағатқа дейінгі мерзімде ғана жеткізілу керек. Сондықтан осындай зертхананың маңыздылығы өте зор.Қазақстандықтар клиникаларда коронавирус індетін анықтау үшін жедел тестілеуден өте алады. Алайда, отандық және шетелдік сарапшылар мұндай сынақтардың ағзадағы инфекцияны ертерек анықтайтындай аса сезімтал еместігін ескертеді. Олардың пікірінше, COVID-19 вирусын тек зертханада ғана дәл және ерте анықтауға болады.

КИМ ДЭ ЁНГ, ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:

– Көптеген әдіс бар. Сонымен қатар біз автоматтандырылған әдісті қолданамыз. Магнит өрісі бар ортаны пайдалану. Ол бір уақытта бірнеше әдісті іске қосады, біз көптеген үлгіні өңдейміз. Осылайша, қазіргі таңда «Пэцээр» вирустың бастапқы сатысында да, алғашқы белгілері пайда болған кезде анықталатын әдістердің бірі болып табылады.

Корей ғалымдары ойлап тапқан тестінің бұл түрін әлем мойындаған, дейді мамандар. Адамның мұрын және ауыз қуысынан алынатын талдау нәтижелері коронавирусты оның белгілері пайда болған алғашқы күндері-ақ анықтай алады. Яғни вирустың кең етек алуына жол бермейді. Ал тестінің нәтижесі 4-6 сағат аралығында дайын болады. Қазір зертхана күніне орта есеппен 500-ге дейін сынақ өткізеді. Бірақ орталықтың мүмкіндігі бұдан да зор дейді зертхана басшылары.

КИМ ХЕОН ДЖИН, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

– Қазір жабдықтар мен реагенттерді күтіп отырмыз. Олар келген бетте біз күніне екі мыңға дейін сынақтарды өткізе аламыз. Әрине тек Алматыдағы ғана емес, сонымен қатар елордада және еліміздің басқа да қалалары мен облыстарында сынақ алуға дайын боламыз.

Ал Қызылорда облысында коронавирусты дер кезінде анықтау үшін мобильді зертханалар жұмыс істейді. Жүк көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі автозертханалардың әрқайсысы тәулігіне 50-100-ге дейін сынама нәтижесін шығара алады. Әрі бактериялық, вирустық инфекцияларды анықтайды.

ЗИЯТ ӘБДЕЛ, М.АЙҚЫМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

– Қазіргі таңда жеткілікті түрде полимеразды тізбектік реакция қоятын тест жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Вирустық инфекцияларға сынама алғаннан кейін 2-3 сағаттан 24 сағатқа дейінгі мерзімде ғана жеткізілу керек. Сондықтан осындай зертхананың маңыздылығы өте зор.

Фото: liter.kz