COVID-19 пандемиясын вакцинасыз тоқтату мүмкін емес

COVID-19 пандемиясын вакцинасыз тоқтату мүмкін емес

COVID-19 пандемиясын вакцинасыз тоқтату мүмкін емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебреисус осындай пікірде. Оның айтуынша, коронавирус шошқа тұмауынан он есе қауіпті. Шошқа тұмауы 2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың тамызына дейін созылған және вирусты 1,6 миллионнан астам адам жұқтырған. Осы уақыт аралығында 18 449 өлім жағдайы тіркелді. Ал коронавирус Қытайда 2019 жылдың желтоқсан айының соңында пайда болды, қазірдің өзінде бұл вирусты екі миллионға жуық адам жұқтырды. Ұйым басшысының мәліметінше, қазіргі пандемияның өлім-жітім көрсеткіші шошқа тұмауы кезіндегіден он есе көп. Шошқа тұмауынан 18,4 мың адам көз жұмған. Ал COVID-19 вирусы қазірдің өзінде 120 мыңға жуық жер тұрғынының өмірін қиды. Сол себепті вакцинаның пайда болуы өте маңызды, деді Тедрос Адан Гебреисус.

Ал коронавирус бас көтерген Қытайда билік өкілдері COVID-19 вирусына қарсы активтелген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл – клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина.

 

Фото: rbc.ru