Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 2 млн-ға жуықтады, 446 мыңнан астам адам емделіп шыққан

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 2 млн-ға жуықтады, 446 мыңнан астам адам емделіп шыққан

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 2 миллион адамға жуықтады, 446 мыңнан астам адам емделіп шыққан. Мұндай мәліметтерді Джон Хопкинс университеті келтіріп отыр.

Қауіпті індетке шалдыққандардың саны бойынша көш бастап тұрған Америка Құрама Штаттарында жағдай мәз емес. Мұнда шамамен 582 мың науқаста коронавирус диагнозы расталған.

Испанияда вирусты жұқтырғандардың саны 170 мыңнан асқан. 17 756 адам қайтыс болды, Италияда 159 516 адам COVID-19 инфекциясына шалдыққан. Бүгінгі таңда елде 20 456 адам вирустан көз жұмды. Францияда 137 мың, Германияда - 130 мың, Ұлыбританияда - 89 мың адам ауру жұқтырған.

Жалпы, коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы ең қолайсыз елдердің алғашқы ондығын Қытай  бастап тұр. Мұнда - 83 мың, одан кейін Иран - 73 мың, Түркия - 61 мың және Бельгия - 30,5 мың адам вирусты жұқтырған. Үндістандағы ахуал да алаңдаушылық тудырады. Бұл жерде коронавирус жұқтырған адамдардың саны күніне 1,2 мың адамға көбейіп, жалпы 10 мыңнан астам адамда коронавирус анықталған.

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz