Уақытша госпитальдар: коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қайда орналастырылады?

Уақытша госпитальдар: коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қайда орналастырылады?

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жуықтап қалды. Науқастар санының күрт артуына байланысты ауруханаларда орын тапшылығы сезілуде. Сондықтан бірқатар мемлекеттердің биліктері қосымша орынжайларда уақытша госпитальдер ашып жатыр.

Мысалы, Нью-Йоркте Орталық паркте мобильді аурухана салынды. Сонымен қатар, әдетте теннистен АҚШ-тың ашық чемпионаты өткізілетін кортқа 350 адам орналастырылады.

Ал, Лондонның шығысында дертке шалдыққандарға аумағы 80 мың шаршы метрлік алаң берілмек. Онда 4 мыңға жуық науқас жатады.

Сонымен қатар, Лондон университеттік колледжі ауруханаларының бөлімшелері де коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналмақ. Науқастардың көбінің жағдайы ауыр.

Сондай-ақ, Рио-де-Жанейрода футболдан Әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары өткен Маракана стадионының алаңына 400 кереует қойылмақ. Ал Италияның Милан қаласындағы көрме орталығына интенсивті терапияға мұқтаж 200 науқас жатқызылады.

 

Фото: 360tv.ru