Азия даму банкі коронавируспен күреске 20 млрд доллар бағыттайды

Азия даму банкі коронавируспен күреске 20 млрд доллар бағыттайды

Азия даму банкі пандемияға қарсы әрекет етуге арналған қаржылай пакетін 3 есеге арттырды. Халықаралық қаржы институтының ресми хабарламасына сәйкес, мүше елдерге қатерлі індетпен күресуге бағыттаған бастапқы 6,5 миллиард доларды 20 миллиард доларға дейін ұлғайтты.

Бұл қаржы негізінен төтенше жағдайдың макроэкономикалық салдарының алдын алуға жұмсалмақ.  Оның 2,5 миллиард доллардан астамы жеңілдетілген кепілдік қордың үлесіне тиесілі болады. Ал 13 миллиард доллар мүше мемлекеттерге коронавируспен күреске арналған тиімді бағдарламалар құруға жәрдемдеседі деп жоспарланған. Кепілдік қор болса, медициналық жабдықтар мен қорғаныш құралдарымен жылдам қамтамасыз ету үшін сатып алу көздерін кеңейтуді көздейді. 

Сондай-ақ 2 млрд долар жеке секторды қолдау үшін қарастырылып отыр. Несиелер мен кепілдендіру тетіктері пандемиядан жапа шеккен түрлі қаржы ұйымдарына сауда желілері мен жеткізу бағыттарын қалпына келтіру үшін берілмек.  Айта кетейік Азия даму банкінің болжамына сай 2020 жылы аймақтық ішкі өнімнің өсімі 5,2% дан 2,2% дейін төмендейді деп күтілуде.

 

Фото: mercury.services