Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 973-ке жетті

Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 973-ке жетті

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам тіркелді. Шығыс Қазақстан облысында инфекция қайтыс болған адамда қуатталған. Осылайша, ел бойынша 973 адамда вирус анықталды. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 253, Алматы қаласында – 172, Шымкент қаласында – 38, Қызылорда облысында – 119, Ақмола облысында – 71, Қарағанды облысында – 76, Атырау облысында – 59, Жамбыл облысында – 46, Түркістан облысында – 43, СҚО – 25, Алматы облысында – 21, Ақтөбе облысында – 11, Маңғыстау облысында – 10, Павлодар облысында – 10, БҚО – 9, ШҚО – 7, Қостанай облысында – 3.

Ел бойынша 99 адам вирустан жазылып шықты, 11 адам қайтыс болды.

 

Фото: ria.ru