Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады

13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады. Бұл жөнінде мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлайды. 

Сынамадан өту үшін пациент www.cdl.kz сайтында анкета толтыруы керек. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары анализ тапсыруы тиіс адамдарды эпидемиологиялық анықтама негізінде таңдайды.

Тізімде бекітілген пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге қай уақытта келуі керектігін айтады. Сараптама жасалатын зертханаға медициналық маска киіп, жеке куәлікті алып келу керек. Тексеріс қорытындысы анкетада көрсетілген поштаға жолданады.

 

Фото: express-k.kz