Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекциялық кешендер орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекциялық кешендер орнатылады

Елордада 10 дезинфекциялық кешен орнатылады. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Залалсыздандырғыш дәліздер бас шаһарымыздың медициналық мекемелері мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға қойылады. Бұл жұмыс басталып кетті дейді, мамандар. Алғашқы дезинфекциялық өтпел Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасында орнатылды. 

«Кешен бу ненераторы арқылы жұмыс істейді. Бу шығаратын арнайы қозғалтқыштары бар. Дезинфекциялық су қосылып ерітінді өткен адамды толықтай залалсыздандыруға жетеді. Медицина қызметкерлері бұл дәлізден екі мәрте өтеді. Жұмысқа келгенде және қайтқан кезде пайдаланады. Сондай-ақ науқастарда оның игілігін көріп, кәдеге жарата алады» - деді, аурухана директоры Иран Шаметеков.

 

Фото: tengrinews.kz​