COVID-19: Қазақстанда тағы 2 адам қайтыс болды

COVID-19: Қазақстанда тағы 2 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам қаза тапты. Осылайша, COVID-19 елімізде 9 адамның өмірін жалмады.

Қаза болғандардың алғашқысы 84 жасар Павлодар қаласының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болған ер адам өкпе және жүрек ауруларымен тіркеуде тұрған.

COVID-19-дан  қайтыс болған екінші адам 63 жасар алматылық екені анықталды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, республикада коронавирустың 802 жағдайы расталған. 60 адам сауығып шыққан.

 

Фото: aa.com.tr