Коронавирусты екі-ақ тәулікте емдейтін дәрі табылды

Коронавирусты екі-ақ тәулікте емдейтін дәрі табылды

Паразиттердің алдын алуға бағытталған ивермектин - вирусқа қарсы күші бар және жасушасының көбеюін 48 сағатқа дейін басуға қабілетті. Мұндай тағдыршешті болжамды австралиялық Монаш университеті және Мельбурндегі Корольдік аурухана мамандары жасап отыр.

Зертханада мамандар препараттың күшін тексеру үшін дәрініің бір дозасын қатерлі індетке шалдыққан жасушаға 2 сағаттан соң енгізген. Нәтижесінде, 24 сағаттан кейін вирустық рибонуклеин қышқыл саны 93%, ал екі тәуліктен кейін 99% төмендегені анықталды.

«48 сағаттан кейін бұл әсер бақылау үлгілерімен салыстырғанда ивермектинмен өңделген жасушаларда вирусты РНҚ-ның 5000 есе төмендеуі байқалды. Бұл препаратты қолдану бүкіл вирустық материалдың жоғалуына әсер ететінін көрсетті», делінген жарияланған жұмыста.

Тәжірибе жүргізу кезінде сынама үлгілеріне дәрінің уытты әсері анықталмағанын айта кету керек.

Ғалымдар бұл препараттың коронавирус инфекциясының таралуы мен асқынуын және адамнан-адамға жұғу көрсеткішін төмендетуде үлкен сеп болатынын алға тартуда.

 

Фото:yakutia24.ru​